Трамвай

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Трамвай Татра Т3
Трамвай. Вагон «PESA 120N»

ТРАМВАЙ (ағылш. tram – вагон, арба және way – жол) – қалалық көлік түрі. Ол түйіспелі (контактілі) сым арқылы келетін электр энергиясынан қуат алып, рельс жолымен қозғалады. 30 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын дүние жүзіндегі бірінші трамвай 1881 жылы Германияда іске қосылды. Қазақстанда трамвай алғаш 1937 жылы Алматы қаласында жүре бастады. Трамвай энергияны рельстен 3–4 м биіктікте ілінген түйіскен сым арқылы алады. Ол 500–600 В тұрақты ток кернеуімен қоректенеді. Вагондарда қуаты 30 – 70 кВт болатын электрқозғалтқышты тартқыш орналастырылған. Трамвайдың ең үлкен жылдамдығы 65–70 км/сағ құрайды. Қазіргі трамвай шаруашылығы күрделі кешен болып есептеледі. Оның құрамына рельс жолы, автобұғаттау жүйесі, күштік тарту желісі, жылжымалы құрам мен қызметтік жүйе (жөндеу зауыты, жол бойы қызметі), т. б. енеді. Трамвайды энергиямен қоректендіру күштік тарту желісі арқылы жүзеге асады. Айнымалы ток қосалқы күштік тарту стансасы арқылы тұрақты кернеуге түрленіп, түйіспелі (контактілі) желіге беріледі. Моторлы вагонның түйіспелі (контактілі) желі сымы бойымен сырғанайтын ток қабылдау тетігі болады. Кері сым ретінде рельс пайдаланылады. Трамвай вагондары 4 өстік болып дайындалып, бір жүргізуші басқаратын немесе екі моторлық вагондар түрінде қолданылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9, VIII том